378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қостанайда ҚХА мүшелері алдағы президенттік сайлау туралы ойын ортаға салды

  • 170
  • UPD: 21:26, 24.04.2019
Қостанайда ҚХА мүшелері алдағы президенттік сайлау туралы ойын ортаға салды

Қостанай облысында жүзден астам ұлт өкілдері  мекен етеді. Он сегіз этномәдени бірлестік тұрақты жұмыс істейді.

«Қоғамдық келісім» үйінде бас қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен жастар қанатының өкілдері алдағы маңызды саяси шара туралы ойларын ортаға салды. Сайлауға қатысу әркімнің азаматтық парызы. Демократиялық елге сай, таңдау жасай алатынымызды жалпақ жұртқа көрсете білуіміз керек деді жиынға қатысушылар. Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар тәрбиесіне де үлкен назар аударады. Өнер, білімнен тыс, балғындарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу ісін қолға алмақ. 

Қалқаман Жақып, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

- Сайлау біздің еліміздегі сөз бостандығының тамаша бір көрінісі деп айтуға әбден болады. Мұның бәрі істеліп жатқаны Ата заңымыз Контитуциямыздың аясында. 9 маусымда бір адамдай сайлауға келеміз, сайлауға дайынбыз. Оған біз халықты да, әсіресе жастарды да дайындауымыз керек.

Телеканал Хабар 24