379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Өскеменде шағын аудан тұрғындары қоғамдық көлік тапшылығын бастан кешіруде

  • 202
  • UPD: 22:05, 24.04.2019

Өскемен қаласында қоғамдық көліктер жетіспей жатыр. Оның зардабын жаңадан бой көтерген шағын аудан тұрғындары тартып отыр.

Тіпті кейбір бағыттардағы автобустарды жолаушылар 40-45 минутқа дейін күтуге мәжбүр. Ал шаһардағы автопарктер жұмысын қадағалауға жауапты мекеме қызметкерлері мәселені  қоғамдық көлік жүргізушілерінің жетіспеушілігімен  байланыстырады. 

Өскеменде 42-бағыттағы автобустың жағдайын бүкіл қала халқы біледі. Темір жол воказлынан бастап  бірнеше шағын аудан мен саяжайларды аралап шаһар шетіндегі әскери қалашыққа дейін қатынайды. Сондықтан   автобус қозғалғанда-ақ жолаушыларға лық толады.

БЛИЦ:

- Адамдар сыймайды. Есікке кептеліп, балалар міне жерде мыжылып. Бәрі зорға шыдап келеді.бұл қазір азын түсіріп жатырсыңдар. Осыдан кейінгіде сыймайды Уақытында жүрмейді.

- Мынаны тиеп алады.Момын қазақты. Мына жерде  бірімізді біріміз таптап тұрамыз. Кондуктор апай келеді.Қыстырылып ақша төледіңдер ме, мені жұмыстан шығарады,  төлемесеңдер деп. Рас қой апай? Иә, иә.. Одан кейін тоқтағысы келсе тоқтайды. Кей жерге тоқтамай өте шығады. 

Кесте бойынша 42-бағыттағы автобустың   жүру жилігі  әр  10 минут сайын  деп көрсетілген. Алайда жолаушылар  35-40 минутқа дейін күтеді.

Гүлнар Шәкірова, қала тұрғыны:

- 40 минут деген қай жерде? 42 де ғана. Аралық жиілік керемет үлкен. Мына маңайдың бәрінде халық тұрады. Қалаға қысылып барады. Қысылып қайтады.

Соңғы 5 жылда қаланың аумағы 50 гектарға кеңіді. Нәтижесінде бірінші аялдамадан соңғысына дейін 10 шақырымдай болады. Ал республика бойынша орташа көрстекіш 4-6 шақырмды құрайды. Жаңадан салынған аудандарда инфроқұрылым мәселесі де әлі толық шешілмей келеді.

Олжас Керейхан, тілші:

- Соңғы 10-15 жылда қаланың шеткі шағын ауданын қалай дамығанын мына көріністен-ақ байқауға болады. Бірнеше мың отбасы жер телімін алып жеке баспана салған . Енді осындағы тұрғандар үшін басты мәселе жол, су және қоғамдық көліктің жүруі. Әсіресе жаңбыр жауғанда мына жол ми батпаққа айналады.

Қала бойынша күнділекті жолаушыларды 308 үлкен және 178 шағын автобус тасымалдайды. Ал 42 бағытта 11 автобус шығуы тиіс. Бірақ  олардың көбі ескі болғандықтан  толық қатынамайды.

Ольга Графкина, қалалық  жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы директорының міндетін атқарушы:

-  42-бағытқа  қызмет көрсететін автопарк басшылығы автобуспен толық қамти алмай отыр. Басты себеп автобус жүргізушілері жетіспейді. Сондықтан бұл мәселе тек жаңадан конкурс  өткен соң ғана шешіледі.

Қалада қазір 12 автопарк бар. Көбінде автобус жүрігізушісі жетіспейді. Көліктердің көбі ескірген.Сондықтан  жүруінен тұруы көп. Қоғамдық көліктер бұдан 5 жыл бұрын жартылай жаңаланған. Келесі  конкурс алдағы маусым айында өткізлмек. Сол кезде жаңа автобустар алынады. Ал оған дейін 42-ші бағыттың жолаушыларына шыдай тұруға тура келеді.

Авторлары: Олжас Керейхан, Аслан Төлепов

Телеканал Хабар 24