378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Алматыда шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа бағдарламасы таныстырылды

  • 125
  • UPD: 12:41, 26.04.2019
Алматыда шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа бағдарламасы таныстырылды

Азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс материалдарын өндіруге негізделген жоба «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дайындалған.

Кәсіпкерлер жас мамандарға өз кәсібін ашу тетіктерін түсіндірді. Қазір бұл ауданда 29 өнеркәсіп жұмыс істеп тұр. Ондағы өндірілетін өнім көлемі жыл сайын 12 пайызға артып келеді. 600-ден астам адам жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Сондай-ақ «Жұмыспен қамту - 2020" бағдарламасы аясында жастар және білікті мамандар да екі қолға бір күрек тауып келеді.

Гүлвира Қожанбердиева, қалалық жетісу ауданы  әкімшілігінің өкілі:

- Осы бағдарлама аясында аудандық әкімшілікте кәсіпкерлікті қолдауға арналған кабинет ашылады. Онда «Атамекен» Кәсіпкерлер Палатасының өкілдері өз ісін бастағысы келетін жастарға кеңес беруге дайын. Яғни ол бизнес-жоба жасап, салық жөнінде мағлұмат беріп, статистикалық мәліметтер жинауға көмектеседі. Ең маңыздысы,  бұл қызметтің барлығы тегін.

Телеканал Хабар 24