378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қарағандыдағы зауыт ұжымы президенттік сайлауда таңдау жасауға дайын

  • 122
  • UPD: 15:01, 26.04.2019
Қарағандыдағы зауыт ұжымы президенттік сайлауда таңдау жасауға дайын

Қарағанды құю-машина жасау зауыты биыл толық өндірістік қуатына шықты. Былтырдың өзінде кәсіпорын 6 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, көрсеткішті бірден екі есеге ұлғайтқан.

Мұндай мол табысқа олар цифрлық технологияға көшу арқылы қол жеткізіп отыр. Оның үстіне мамандар жаңа қондырғылардың көмегімен аса күрделі бөлшектерді жасап, тапсырыс ауқымын кеңейткен. Бұл жайында зауытта өткен жиында айтылды. Бүгінгі таңда кәсіпорында 500-ге жуық адам жұмыс істейді. Олардың барлығы саяси науқанда ұйымшылдық танытып, дауыс беруге дайын.

Серік Торыбаев, зауыт жұмысшысы:

- Сайлау күні өз таңдауымызды жасаймыз. Жыл санап еліміздің экономикасымен қатар, халықтың тұрмыс-тіршілігі түзеліп келеді. Болашақта бұдан да өркендей түседі деп сенеміз.  Кәсіпорындар, өндіріс орындары ашылып жатыр. Мәселен, біз жаңа технологияның көмегімен бүгінде қаншама күрделі бөлшектерді жасауға қол жеткіздік. Инженерлік – техникалық кешеннің мүмкіндігі мол.

Телеканал Хабар 24