378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Сапасы күмәнді тауарлар мол тарихы бар орталықта тегін талдаудан өткізіледі

  • 140
  • UPD: 14:50, 26.04.2019
Сапасы күмәнді тауарлар мол тарихы бар орталықта тегін талдаудан өткізіледі

Сапасыз тауарға сөреде орын жоқ. «Ұлттық тұтынушылар лигасы» мен  «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама  және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының» Алматы  филиалы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға  қол қойды.

Осы келісім аясында енді тұтынушыға күмәнін тудырған тауар санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында сараптамадан өткізілетін болды. Осы күнге дейін жеке сараптама орталықтарына жүгініп келген «Ұлттық тұтынушылар лигасы» кейде олардың талдамасы мен қорытындысы қанағаттандырмағанын айтады. Сондай-ақ олардың құны да арзан емес дейді тұтынушылар лигасының президенті Светлана Романовская. Енді күмәнді  тауарлар  66 жылдан астам тарихы бар мемлекеттік орталықта тегін талдаудан өткізілетін болады.

Айнагүл Қуатбаева, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама  және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының» РМК бөлім бастығы:

- Біздің базамызда 7 референттік лаборатория бар. Осы лабораториялардың зерттеулері үш мыңнан аса түрі бар. Осы зерттеулердің нәтижесінде біз осы тауарларға  мынау қоршаған ортаның объектілеріне, олардың сапасына нәтиже бере аламыз.

Телеканал Хабар 24