378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


2023 жылы еліміздегі иесіз электр желілері толығымен жойылады

  • 131
  • UPD: 17:41, 26.04.2019
2023 жылы еліміздегі иесіз электр желілері толығымен жойылады

Еліміздің барлық өңірлерінде энергия беруші ұйымдарды ірілендіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Нәтижесінде соңғы 2 жылда олардың саны азайып, 152-ге жетті. Ал 2023 жылға қарай мұндай ұйымдардың саны 110-ға қысқарады. Бүгін азаматтық сектор және Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу кезінде Энергетика министрі осылай деді. Сондай-ақ Қанат Бозымбаев ұзындығы 2 мың шақырымнан астам иесіз қалған желілер шамамен 2 есеге азайғанын да атап өтті. Бірақ, алдағы 5 жылда осындай желілер мен коммуналдық электр беруші ұйымдар толығымен жойылады. 

Қанат Бозымбаев, ҚР энергетика министрі:

- Электр желілік ұйымдардың бекітілген орта мерзімді тарифтері оларға бөгде ұйымдардың желілерін қабылдауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ірілендіру мәселесін тағы да бір пысықтаймыз. Үкімет энергия беруші ұйымдардың инвестициялық бағдарламаларында тариф белгілеудің ашықтығын қамтамасыз ететін жұмысты жалғастырады.

Телеканал Хабар 24