378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


БҰҰ-да бітімгерлік операцияға әйелдерді қатыстыру талқыланды

  • 150
  • UPD: 17:41, 27.04.2019

Әйелдердің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бітімгершілік операцияларында алатын орыны. Халықаралық ұйымның отырысында осы мәселе талқыланды.

Нәзік жандылардың мұндай миссияларға  қатысуы жергілікті тұрғындармен байланыс орнатуға және өзара тіл табысуға елеулі үлес қосады. Сондай-ақ бұл гендерлік тепе-теңдікті сақтайды. Кеңес мәжілісінде соңғы төр жылда бітімгер әйелдердің саны тек бір процентке артқаны айтылды. Ал жалпы бітімгершілік әскер құрамындағы үлесі 5 проценттен аз. Дегенмен, әйелдер өз міндеттерін тиянақты орындайтынын көрсетті. Мамандар пікірі осы.

Қанат Тұмыш, Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары:

- Нағыз табысқа жету үшін әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, халықаралық ұйымдардағы ынтымақтастығы арқылы олардың әлеуетін арттыру, көшбасшы болуына көмектесу және бейбіт келіссөздерге қатыстыру қажет. Донор елдерді ағарту жобаларына басым көңіл бөліп, шиеленісті аймақтардағы әйелдер мен қыздарға көбірек стипендия бөлуге шақырамыз. Қазақстан бітімгершілік миссияларға жақсы дайындалған мамандарды жіберіп жүр. Олар «КАЗЦЕНТ» орталығында оқытылады.

Телеканал Хабар 24