378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ақмола облысында былтыр 17 жұмысшы өндірісте қаза тапқан

  • 155
  • UPD: 20:55, 27.04.2019
Ақмола облысында былтыр 17 жұмысшы өндірісте қаза тапқан

Өткен жылы Ақмола облысында 79 жұмысшы өндірісте зардап шексе, олардың 17-сі қаза тапқан.

Бұл туралы облыстық еңбек инспекциясы басқармасы хабарлады. Мәліметке сүйенсек, оқыс оқиғалар көбінесе, тау-кен өндірісі кәсіпорындарында болады екен. Мұндай жағдайлар Көкшетау және Степногорск қалалары мен Бурабай, Сандықтау, Зеренді аудандарында жиі кездеседі. Ал, негізгі себеп, арнайы техникаларды дұрыс пайдаланбау. Яғни, қауіпсіздік ережелері сақтала бермейді. Одан бөлек жұмысшылардың тау жыныстарының астында қалып қоятын жағдайлары да кездесіп жатады. Мәселен, өткен жылы кен қазып жүрген экскаваторшы жігіт қаза болған еді. Осындай оқиғалар жиілеп кеткен соң, еңбек инспекциясы былтыр 500-ден астам кәсіпорынға тексеріс жұмыстарын жүргізіп, олардың барлығынан дерлік заңбұзушылық анықтаған.

Дүйсенбек Баймұсынов, облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:

- Мәселен, кен өңдеу кәсіпорындарының бірінде бір жұмысшы мерт болғаннан кейін сол оқиға болған маңай қоршалып, күзет қойылды. Яғни енді қауіпті жерге ешкім өте алмайды. Осы секілді олқылықтарды жоюға әрекет жасап жатырмыз.

Телеканал Хабар 24