378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елімізде ілеспе аударма мамандары тапшы

  • 184
  • UPD: 15:24, 28.04.2019
Елімізде ілеспе аударма мамандары тапшы

Осы ретте Ақтөбеде «Қазақша-орысша ілеспе аударуды үйрету» тақырыбында арнайы курс ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Курсқа қатысқан тыңдаушылардың жартысы аудандардан келді. Мемелекеттік тіл үйрету орталығы бұған дейін жүздеген аудармашы маманды дайындап шықты. Олар қазір маңызды жиындарда ілеспе аударма жасап жүр. Жалпы, елімізде синхронды аударманы дамыту мәселесіне көңіл бөліне бастады. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі төрағасы міндетін атқарған кезде, тұңғыш рет қазақ тілінде ілеспе аударма жасалған еді. Сол кезде осындай курстан өткен тыңдаушылар өздерін тәжірибе жүзінде сынап көрді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, арнайы курс аудармашылардың  өзіне деген сенімін арттырып, біліктілігін шыңдай түседі.

Клара Серғазина, Тіл үйрету орталығының директоры:

- Күнделікті республикалық, облыстық маңыздағы түрлі конференциялар, іс-шаралар, форумдар өтіп жатады. Шетелден қонақтар келіп жатады. Және осындай жауапкершілігі жоғары іс-шаралар ілеспе аудармашыларды қолдануды қажет етеді. Тілдік әлеуеті жоғары, екі тілді білетін аудармашылардың басын қосып, осындай біліктілік арттыру семинарын ұйымдастырып отырмыз. 5 күндік семинар теориялық және практикалық бөліктерден тұрады, арнайы аппаратуралармен жұмыс істейді, өте қызықты.

Телеканал Хабар 24