378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Түркістан облысындағы ауылдарды ауыз сумен қамту жалғасып жатыр

  • 136
  • UPD: 07:35, 29.04.2019
Түркістан облысындағы ауылдарды ауыз сумен қамту жалғасып жатыр

Ал Түркістан облысында шалғай елді мекендерді таза ауыз сумен қамту жұмыстары жалғасуда.

Созақ ауданында өткен жылы ауқымды жобалар қолға алынып, 6 ауылға тіршілік нәрін жеткізу үшін облыстық бюджеттен 398 млн теңге қаражат бөлінген. Қазір Көктөбе ауылына ауызсу жеткізілген. Енді Қайнар, Шаға, Ақсүмбе, Раң сияқты 5 елді мекенге су құбыры тартылып жатыр. Олар да биыл таза ауызсуға қол жеткізеді. Жалпы Созақ ауданында 35 ауыл бар. Оның 23 елді мекені тіршілік нәрімен қамтылған. Бұл аудан халқының 79 процентін қамтиды. Енді аталған 6 ауылға ауызсу келгенде тіршілік нәрімен толық қамтылған елдімекендердің саны 29-ға жетеді. Сөйтіп, аудан тұрғындарының 82 проценті ішер судан таршылық көрмейді. Ал қалған 6 елді мекеннің мәселесі қаралып жатыр. 

Созақбай Жотабай, Қайнар ауылының тұрғыны:

- Су кіргізілген соң мәселеміз осы сумен шешіледі. Бұрын таза су жоқ еді. Құдықтан тасып ішетін едік. Биыл су кіріп жатқанан кейін мәселе шешіледі деп ойлаймын. Әбір үйге кіргізіп беріп жатыр.

Бауыржан Әбенұлы, аудандық ткш жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы:

- Қалған тағы 6 ауылымыз бар, алдағы уақытта су астына зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зерттеу жұмыстары биыл аяқталады деп отырмыз. Сметасы жасалып, алдағы жылдары таза ауызсумен қамтылатын болады.

Телеканал Хабар 24