378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елордада Үкімет отырысы өтіп жатыр

  • 149
  • UPD: 10:17, 29.04.2019

Дәл қазір Елордада Үкімет отырысы өтіп жатыр. Күн тәртібіне бірнеше маңызды мәселе шығарылған.

Бұл жиын әріптесім Нұршапағат Несіпбаевтың назарында. Нұршапағат, қайырлы таң. Бүгінгі үкімет отырысында қандай сұрақтар қаралады?

Үкімет отырысында әдеттегідей бірнеше мәселе қаралады. Біріншісі, студент жастардың жағдайы. Нақтырақ айтсақ, Елбасының студенттердің тұрғылықты жерлерін жақсарту бойынша берген тапсырмасының орындалу барысы. Жалпы, жастарды жатақханамен қамту мәселесі еліміздегі Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде де көтерілген болатын. Пәтер жағалаған жастардың тұрмысын түзеу үшін 2022 жылдың соңына дейін 70 мың орындық жатақхана салу көзделіп отыр. БҰдан бөлек, Үкімет отырысында «Ауыл - ел бесігі» жобасы туралы айтылады. Бағдарлама аясында әуелі 1500 елдімекен іріктеледі. Жыл сайын оларды жан-жақты дамыту үшін қазынадан 30 миллиард теңге бөлініп отырады. Осылайша алдағы 3 жылда елдімекендерді көркейтуге 90 миллиард теңге жұмсалмақ. Бұл қаражат негізінен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, әлеуметтік нысандарды жөнге келтіруге арналған. Сондай-ақ наурыз айында өткен Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жоба аясында бизнес-жобаларды іске асыру үшін 7 жылға дейін жеңілдетілген несиенің берілетінін мәлімдеген еді. Оның жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6 проценттен аспайтын көрінеді. Бүгін осы тектес бастамалардың қалай жүзеге асып жатқанын білеміз.

Телеканал Хабар 24