379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Жыл соңына дейін 29 студенттік жатақхана қолданысқа беріледі

  • 165
  • UPD: 13:33, 29.04.2019
Жыл соңына дейін 29 студенттік жатақхана қолданысқа беріледі

Республика бойынша жыл аяғына дейін 9 699 орындық 29 жатақхана пайдалануға беріледі.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз брифингінде, білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлімдеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев студент жастардың жағдайын жақсарту мақсатында 2022 жылға дейін 75 мың жатақхана құрылысы аяқталу тиіс деп тапсырған болатын. Зерттеулерге сәйкес, қазір студенттерге 91 мың орын жетіспейді. Алматыда 31 мың, елордада 17 мың студентке орын  жетіспейді. Ал Шымкент қаласында 8 мың жатақхана орны жеткіліксіз.

Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

-  Реализация проекта стоит Жобаның құны 152 млрд теңге. Биыл жобаны жүзеге асыруға ҚР Білім және ғылым министрлігінде 1 млрд теңге қарастырылған. Ал қалған жылдары 14 млрд теңге жоспарда бар. Мемлекет тапсырмасы бойынша  бір орыннның құны 300 мың теңге, ал қайта жөндеуде жұмыстары 120 мың теңге.

Телеканал Хабар 24