379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


«Fly Arystan» әуе компаниясының қызметіне 1 млн астам адам жүгінеді

  • 283
  • UPD: 15:36, 29.04.2019
«Fly Arystan» әуе компаниясының қызметіне 1 млн астам адам жүгінеді

1 жылдың ішінде 1 миллионнан астам адам «Флай Арыстан» әуе компаниясының қызметіне жүгінеді.

Оларды жаңа 4 ұшақ тасымалдайды. Бұл туралы бүгін Премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Сондай-ақ ол жаңа компания билеттерінің өзгелерге қарағанда анағұрлым арзан екенін айтты. Тіпті бағаға өзім мониторинг жасадым деді премьер-министрдің орынбасары. Сөзінше, арзан билетке қол жеткізу үшін алдын ала қамданып, жүктің салмағына назар аудару керек.    

Жеңіс Қасымбек, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Екі-үш апта бұрын 1 секундке бір билет сатылатын. Интернет арқылы. Өте тиімді, қолжетімді. Азаматтарымыз бұл компаниямен ұшуға жақсы қарайды. Мысалы, Оралға баратын рейстің бағасы 2,5 есе төмен. Алматы, Жамбыл, Таразға баратын баға 7 мың, 10 мың. Бұл бүгінге қарағанда 2,5 есе төмен.

Телеканал Хабар 24