378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Нұр-Сұлтанда qazvolunteer.kz онлайн-платформасы таныстырылды

  • 250
  • UPD: 17:25, 29.04.2019
Нұр-Сұлтанда qazvolunteer.kz онлайн-платформасы таныстырылды

Нұр-Сұлтанда функционалдық qazvolunteer.kz онлайн-платформасы таныстырылды.

Мұндағы мақсат - волонтерлік қозғалысты дамыту. Онлайн-тұғырнаманы Ақпарат және даму министрлігі «Ұлттық волонтерлер желісі» бірлестігімен бірге әзірлеген. Ол өз кезегінде 200-ден астам волонтерлік ұйым мен 50 мың еріктінің  іс-қимылын үйлестіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ былтыр аймақтарда жүзеге асқан 25 жоба туралы ақпарат көрсетілген. Енді волонтерлардың рейтингі жасаған жұмысына қарай осы платформада қалыптасады.

Уәлихан Бахретдинов, Camun Қазақстан ұлттар бірлестігінің Орталық Азия моделінің үйлестірушісі:

- Соңғы 3-4 жылда елімізде волонтерлік қызмет жайлы заң қабылданды. Волонтерлер осындай халықаралық іс-шараларға қатысуға үлкен үлес алды. Жалпы айтқанда 5 мыңға жуық волонтерлер тек қана астанада және Қазақстанда дайындалды. Қазақстан бойынша көптеген халықаралық іс-шаралар өтуде. Және де біздің волонтерлеріміздің деңгейі өте жоғары. Сондықтан бұл, әрине, өте қуантады.

Телеканал Хабар 24