379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Көп балалы аналарға бірінші кезекте баспана алу құқығын беретін заң қабылданды

  • 178
  • UPD: 20:54, 30.04.2019

Биыл 6 мың көп балалы отбасы баспаналы болады. Сенат депутаттары көп балалы аналарға бірінші кезекте баспана алу құқығын беретін заң жобасын қабылдады.

Құжатта «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе «Батыр ана», сондай-ақ І және ІІ дәрежелі Ана даңқы атағын алған аналар санаты үшін тұрғын үй алуға жеке кезек енгізілген. Қазір елде 31 мыңнан астам көпбалалы отбасы кезекте тұр. Енді жыл сайын оның 6 мыңы баспаналы болады. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева ипотекалық несиені ескермегенде, елдегі тұрғын үй қажеттілігін жабу үшін қанша қаражат керектігін сұрады. Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрінің орынбасары 6 трлн қаржы қажеттігін мәлім етті. Дариға Назарбаеваның пайымдауынша, бұл ретте бюджет қаражатына телмірмей, инвестор тарту міндет.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

- Бұл мәселені шешу үшін бюджеттің ақшасы жетпейді. Яғни, инвестициялар тарту керек. Сондықтан құрылысқа қаржы құю үшін инвесторларды ынталандыру шараларын әзірлеу қажет. Мен алдағы уақытта сіздерден дұрыс шешімдер болады деп үміттенемін. Себебі бүгінгі күні тұрғын үй проблемасы бүкіл өңірлердегі бірінші проблема. Өкінішке қарай, қазір құрылыс қарқыны баяу жүріп жатыр және ол бүгінгі нарықтағы сұранысты қанағаттандыра алмайды.

Бұған қоса Дариға Назарбаева Үкімет жұмысына қатысты сын айтты. Әсіресе заң жобаларын дайындау кезінде біраз олқылық бар. Жұмыс тобының сараптамасына, зерттеуіне және талдауына аз уақыт беріледі және оның  салдары құжаттың саПасына әсер етуі мүмкін. Сондықтан, бұл мәселені дҰрыстап қарау керектігін қадаП айтты Сенат спикері.

Дариға Назарбаева, ҚР ПарламентІ Сенатының Төрағасы:

- Тағы бір үлкен мәселе, Үкімет көптеген заң жобаларын олпы-солпы даярлай салады. Мәжіліс құжаттарды түзеп-күзеп қатаң түрде жұмыс жүргізеді, олардың еңбегі зор. Ал Үкіметтің заң әзірлеу жұмысы қалай жүргізілетіні туралы сенатта тыңдау өткізу керек.

Телеканал Хабар 24