379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Солтүстік аймақтар ақ ұлпа қарға оранды

  • 198
  • UPD: 20:38, 30.04.2019
Солтүстік аймақтар ақ ұлпа қарға оранды

Елордада күтпеген жерден қар жауды. Түстен кейін күн күрт суытып, арты жапалақтап жауған қарға ұласты.

Қазгидромет ауа температурасы төмендеп, көктайғақ болады деп ескерткен еді. Сәуірде табиғаттың тосын мінез танытуы Ақмола облысының тұрғындарын да әбігерге салды. Ақ ұлпа әсіресе аймақтың солтүстік аудандарын басып қалған. Синоптиктердің айтуынша, таңертеңнен бері өңірде 7 мм ылғал түскен.

Даниель Жұмажанов, «Қазгидромет» РМК филиалының бөлім жетекшісі:

- Алдағы екі күнде де аймақта осындай ауа райы сақталады. Яғни күн суытып, жауын-шашын түседі. Тіпті тағы да қар жаууы мүмкін. Ал 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр мереке күндері күн жылынып, ауа райы қалыпқа келеді.

Телеканал Хабар 24