378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қарағанды облысындағы балабақшаның төбесінен су ақты

  • 89
  • UPD: 21:10, 30.04.2019
Қарағанды облысындағы балабақшаның төбесінен су ақты

Қарағанды облысының Абай қаласындағы «Бөбек» балабақшасының төбесінен су ағып жатыр.

Жаңбыр жауса болды, мұндағы тәрбиешілер еден жуып, көрпе-жастықты кептіріп, әбігерге түседі. Тіпті су төменгі қабатқа өтіп кетпес үшін амалдап, целлофан тартып қойған. Қазір бұл бөлмедегі балаларды уақытша өзге топтарға ауыстырды. Жалпы есту, көру және сөйлеу қабілеті төмен бүлдіршіндерге арналған бөбекжайға бүгінгі күні 150-ден астам бала келеді. Директордың айтуынша, шатырды жаңартуға биыл қазынадан 7 миллион теңге қаржы бөлінген. Ал соңғы рет балабақша төбесі 2008 жылы күрделі жөндеуден өткен екен.

 Светлана Эльсиева, балабақша директоры:

- Маусым айында мердігерлер жөндеу жұмыстарын бастайды. Бұл жолы балабақша төбесіне жаңа технология бойынша полимерлі шатыр төселеді. Мамандар бұл материалдың өте мықты екенін айтады. Сондықтан келешекте су ақпайды деп сенеміз.

Телеканал Хабар 24