379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қарағандыда ҚХА мүшелері жастармен кездесті

  • 181
  • UPD: 23:14, 30.04.2019

Қазақстан халқы Ассамблеясының 27-сессиясында жастарға жаңа міндеттемелер жүктелген болатын. Онда  ғылым мен білім, елге еңбек ету мәселелері талқыланды. 

Аталған міндеттемелер енді  өңір-өңірде орындалатын болады. Бүгін сессияға қатысқан Қарағанды облысының делегаттары жастармен кездесіп, жаңа бағыттар мен міндеттемелер туралы сөз қозғады.

Қарағанды облысынан Ассамблея сессиясына қатысқан 50-ге жуық  делегат жиыннан жаңа міндеттермен оралды. Сессияда басты назар жастар мәселесіне берілді. Осы орайда делегат мүшелері Елордадан келе сала өңірдің жастарымен кездесіп, басты бағыттарды ортаға салып, біріге талқылады.

Рымбала Омарбекова, ҚХА ХХVII сессиясының делегаты:

- Бұл жолғы сессиядағы басты акцент жастар болды. Бүгінгі заман өте талантты, өте өзіне сенімді адамдардың кезеңі. Сол адамдардың армандай білетіні және сол арманды іске асыра алатын жастардың уақыты.

Өз кезегінде аймақ жастары артылған сенімді ақтай алатындықтарын жеткізді. Аға буыннан білім мен ғылым, еңбек ету жолдарына қатысты сұрақтарына жауаптарын алды.

Арман Кенжебеков, жас ғалым:

- Мен енді өзімнің замандастырымды, жастарымды осы аға буын өкілдері салып кеткен сара жолды жалғастырып, осы бейбітшілікті одан әрі жалғастырып, бір атаның баласындай жарасым тауып, болашаққа бірге жол салуға шақырамын. Жастар жылында ғана емес өмірдің кез келген уақытында жалықпауымыз керек, өйткені бабаларымыз айтқан жастығында жалықпаған-қартайғанда тарықпайды деп. Елдің болашағы, елдің ертеңі ол біз жастар.

Кездесуге өңірдің өзге  ұлт өкілдері, жастар және этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Жиналған қауым жиын соңында Достық үйінде этномәдени орталықтары ұйымдастырған көрмені тамашалады. 

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игликов

Телеканал Хабар 24