378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қарағандыда 10 көп балалы отбасы қоныс тойын тойлады

  • 111
  • UPD: 09:37, 02.05.2019
Қарағандыда 10 көп балалы отбасы қоныс тойын тойлады

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде қарағандылық 10 отбасы баспаналы болды. Көп балалы аналарға пәтер кілті орталық саябақта салтанатты түрде тапсырылды.

Олардың барлығы да ұзақ жыл үй кезегін күткен мұқтаж жандар. Облыс әкімі жыл соңына дейін тағы 500 жанұя жаңа қонысқа қол жеткізеді деді. Бұл күні өңірдегі этномәдени бірлестіктер концерт, көрме ұйымдастырып, орталық саябаққа жиналған жұртқа мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қазақстан халқының бірлігі күні бүгінде жұрт асыға күтетін жалпыхалықтық мерекеге айналған. Салтанатты кеште аймақтағы 75 этномәдени бірлестіктің өкілдері ұлттық киімдерін киіп, салт-дәстүрлерін дәріптеді.

Қымбат Айбалтина, қала тұрғыны:

- Бес баланың анасымын. Солардың әкесі де, шешесі де өзіммін. Бүгін міне, үй алып жатырмын. Мереке құтты болсын. 15 жыл очередте тұрдым. Бейнетім ақталды міне, бүгін. Кешеден бері сенерімді де, сенбесімді де білмеймін. Қолыма кілт тиді, арманым жоқ енді.

Телеканал Хабар 24