378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Маңғыстау облысында көп балалы отбасылар баспаналы болды

  • 112
  • UPD: 12:54, 02.05.2019
Маңғыстау облысында көп балалы отбасылар баспаналы болды

Маңғыстау облысындағы көп балалы аналар мереке күндері қоныс тойын тойлап жатыр.

Мұнайлы ауданына қарасты Батыр ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 4 пәтерлі 10 тұрғын үйдің кілті табысталды. Баспаналы болғандардың қатарында әлеуметтік аз қамтылған және мүгедек баласы бар отбасылар мен бюджет саласының қызметкерлері де бар. Жаңа құрылған ауылда алдағы айда тағы осындай 56 жалдамалы тұрғын үй пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Қызылтөбе ауылында «Жастар» саябағы ашылды. Демеушілердің қолдауымен салынған әмбебап спорттық саябақтың жалпы ауданы 23 мың шаршы метр.

Есенбай Мәтенов, көп балалы әке:

- Бес баланың әкесімін, ұстазбын. Бүгін кезегіммен үй алып, қуанып жатырмыз. Үй шағын шаруашылыққа да ыңғайлы және барлық жағдай жасалған екен. Отбасыммен қуанып жатырмыз.

Қарашаш Атшыбаева, жалғыз басты ана:

- Көптен күткен қуанышты күн бүгін. Үй беріп жатыр. Рахмет айтамын. Жұртымыз, еліміз тыныш болсын!

Телеканал Хабар 24