378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елордада көп балалы отбасылар атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізе бастады

  • 189
  • UPD: 20:56, 03.05.2019

Елордада атаулы әлеуметтік көмек көп балалы аналарға үлестіре бастады. Алғашқылардың бірі болып алтын алқа иегері Әсел Әбішева қолдауға қол жеткізді.

Әсел Әбішева 8 баланың анасы. Алтын құрсақты ананың қуанышында шек жоқ. Себебі ол бүгін жаңа атаулы әлеуметтік көмектің алғашқы төлемін алды.  

Әсел Әбішева, алтын алқа иегері:

- Мемлекеттің бұл көмегіне шексіз қуанып отырмын. Балаларымның несібесі артты. Сегіз балама 186 мың теңге алдым. Бұрын 16 мың теңге, шайлығымыздан аспайтын. Бұдан былай балаларымның қалағанын сатып әпере алатын болдым.

Әсел бала тәрбиесімен үйде отыр. Балаларын жәрдемақы мен жұбайының тірнектеп тапқан мардымсыз табысымен асырап келгендерін айтады. Көпбалалы ана, қазір алыс жамағайынның баспанасын паналап тұрып жатыр.

Әсел Әбішева, алтын алқа иегері:

- Енді балаларымның қосымша білім алуына мүмкіндік туды. Олардың дамуына жағдай жасайтын болдық. Өзім де жұмыс істемей-ақ осы қыздарымның тәрбиесімен алаңсыз айналыспақпын. Тек өз баспанамыз болса деп армандаймыз.

Бірінші сәуірден бастап елімізде АӘК көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50 пайыздан 70 пайызға дейін көтеріліп, ол 20 789 теңгені құрады. Нәтижесінде жәрдемақы алушылар 830 мың адамға дейін өседі. Бұл ретте, егер АӘК-тің орташа мөлшері бұрын отбасының әрбір мүшесіне 4 834 теңгеден айналған болса, енді әр балаға 20 789 теңге төленеді. Биыл атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 130 миллиард теңгеден астам қаржы көзделген.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Ерлан Наурызбаев

Телеканал Хабар 24