378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Сенаторлар Атырауда инвестициялық ахуалды дамыту мәселелерін талқылады

  • 122
  • UPD: 20:15, 03.05.2019
Сенаторлар Атырауда инвестициялық ахуалды дамыту мәселелерін талқылады

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.

Сенаторлар еліміздің инвестициялық ахуалын дамыту мәселелерін талқылады. Жиында салықтық жеңілдіктерді берудің тиімділігі, мемлекеттік бюджетке түсетін ауыртпалықты азайту құралы ретінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері, өнімнің жаңа түрлері нарығына мониторинг жүргізу; тиімділігі төмен арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялар ағынын ұлғайту мәселелері сарапқа салынды. Сондай-ақ сенаторлар облыстағы арнайы экономикалық аймақ пен жеке индустриялық аймақтың бірқатар нысандарын, мұнай өңдеу және мұнай химиясы саласы және машина жасау секілді ірі кәсіпорындарды аралап, жұмысымен танысты.

Сергей Плотников, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Аймақтарға инвестиция тарту және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту дамыту еліміз үшін маңызды.   Атырау облысы инвестиция тартуда көшбасшы аймақтардың бірі. Енді осы отандық кәсіпорындар сапалы бәсекеге қабілетті тауарымен шетелдік өнімдерді ығыстырып, ішкі нарықпен қатар сыртқы нарықты бағындыруды мақсат етуі қажет.

Телеканал Хабар 24