378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ертіс өзенінде навигация басталды

  • 192
  • UPD: 23:57, 03.05.2019

Павлодардың Өзен порты жаңа маусымын ашты. Бұл кезеңде Қазақстан мен Ресей тарапы жүк көлемін айтарлықтай ұлғайтуды көздеп отыр.

Екі жақ қазір Еуразиялық экономикалық комиссиясының  инфрақұрылым және көлік жөніндегі Консультативтік комитеттің 16-отырысында су көлігі бойынша мәселелерді талқылауға дайындалып жатыр.

Ертіс өзені Батыс Сібірмен Қазақстанның шығысын жалғайды. Су жолдары  арқылы көрші   Ресейге   қиыршық тас, техникалық тұз, инертті материалдар тасымалданады. Қазақстаннан барған баржалар қайтар жолда ағаш тиеп келеді. Биылғы жылы Сібірге 12 мың тонна тұз жөнелту жоспарланып отыр. 

Ерлан Митенов, Өзен портының бас инженері:

- Ары қарай біз  ағаш тасымалдаймыз.Биылғы жылы 8 мың текше метр ағаш, шамамен 150 мың тонна шағыл тиейміз. Мұны бәрі Ресей Федерациясына барады. Сонымен қатар 800-840 мың текше метр құм қазамыз. Өзен кұмы Қазақстан үшін өндіріледі.

Жаңа маусымға өзен порты тыңғылықты дайындалды. Жүк көтергіш техникалар мен жүзгіш крандардың барлығы жөндеуден өтті. Жаз бойы  алаңсыз  жұмыс істеуге мүмкіндік мол. Десекте, су жолдарының әлеуетін толық пайдалануға кейбір әкімшілік кедергілер қолбайлау екен.

Төлеген Күлжан, Павлодар Өзен порты басқармасы бастығының орынбасары:

- 21 мамырда Мәскеу қаласында Еуразиялық комиссияның үлкен отырысы өтеді. Ифрақұрылым көлігі бойынша, су көлігі бойынша кіші комиссия отырысы өтеді.Комиссяи отырысындағы көтерілетін ең бірінші су көлігі саласындағы заңнаманы үйлестіру, кіші су көлігіндегі кедергілерді жою.

Еуразиялық Экономикалық Одаққа қатысушы елдер арасындағы «Кеме жүзу жөніндегі келісімді үйлестіру заңнамасы» көптеген кедергілерді жоюды қарастырады делініп отыр. Әсіресе қазақстандық және ресейлік кемелерге Зайсаннан Обь шығанағына дейін еркін жүруге жағдай жасауды талқыламақ.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Телеканал Хабар 24