378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


АҚШ іскер топтарының өкілдері елорданың дамуына жоғары баға берді

  • 97
  • UPD: 11:48, 05.05.2019

АҚШ іскер топ өкілдері Нұр-Сұлтан қаласының қарқынды дамуына жоғары баға берді.

Еліміздің бас қласында болған адвокат Мэнни Аликандро Елордадан алған әсерлерімен бөлсіп, таңданысын жасырмады. Ол, сондай-ақ, ел экономикасын одан әрі дамыту бойынша өз ойымен бөлісті. Айта кетейік, Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік жыл өткен сайын нығайып келеді. Инвестициясы көлемі артып, америкалық кәсіпкерлер еліміздің түрлі саласында әрекет етіп келеді. 

Мэнни Аликандро, адвокат:

- Мен алғашқы қазақстандық достарыммен Массачуссетс технологиялық институтында жүргенде таныстым. Содан кейін Гарвард, Стэнфордтағы қазақстандық студенттермен де араласа бастадым. Өткен жылы Нұр-Сұлтанға қаласына іс-сапармен бардым. Жас шаһарды көргеннен алған әсерім мол. Оның даму қарқынына таң қалдым. Менің ойымша Астана халықаралық қаржы орталығы бірегей жоба. Оның келешегі зор деп білемін.

Телеканал Хабар 24