378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ақтөбеліктердің қауіпсіздігін ойлаған кәсіпкер өз ақшасына өткел салып жатыр

  • 91
Ақтөбеліктердің қауіпсіздігін ойлаған кәсіпкер өз ақшасына өткел салып жатыр

Ақтөбеде кәсіпкер өз қаражатына жерасты өткелін салуда. Оның мұндай шешім қабылдауына көз алдында жол апаты болып, бір әйелді көлік қағып кетуі түрткі болған.

Шаһардың ескі бөлігіндегі Шығанақ Бесиев көшесі жаяу жүргіншілер үшін өте қауіпті. Жақын маңда мектептен шыққан оқушылар осы жердегі жүргіншілер жолағынан өтуге мәжбүр болатын. Енді бұл мәселе шешімін тауып отыр. Қазір екі ауысыммен 30 жұмысшы үздіксіз еңбек етуде. Бір ай ішінде қолданысқа берілуі тиіс. Құрылыс компаниясының жетекшісі нысанды салуға шамамен 60 миллион теңге бөлген. Бұл кәсіпкердің Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына жасаған тартуы болды.

Төлеген Таңатаров, кәсіпкер:

- Ойлаймын осы қалаға көп жерде осындай жерасты жолы керек. Көптен бері осы мәселе бәленбай жылдан бері шешілмей келе жатыр. Бас-аяғы он күннің ішінде жалпақтығы 23 метр жерасты жолының конструкциясы салынып болды. Енді 2-3 күннен кейін үстінен движение қайтадан жібереміз.

Телеканал Хабар 24