379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Түркістан облысында егіс науқаны аяқталуға жақын

  • 143
  • UPD: 15:27, 05.05.2019

Биыл Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 823 мың гектар алқапқа егіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мың гектарға артық.

Ал Жетісай мен мақтааралдық диқандар қаңтар айында еккен қырыққабатты толығымен жинап алып, Ресейге экспортқа жіберіп үлгірді. Өңір диқандары гектарына 40-50 центнерден өнім беретін мақтаның «Түркістан» деген жаңа түрін шығарып, шаруашылықтарға таратуда. 

Бұл Түркістан қаласы маңындағы Қарашық ауылы. Жергілікті шаруа Хабибулла Азимов биыл 413 гектар суғармалы алқапқа мақтаның жаңа түрін егіп жатыр. Жер емген дихан 5 жылдан бері өзінің тұқым бағында мақтаның «Түркістан» деген жаңа сортын шағаруды қолға алған. Мұнда мақтаның оригинал, элиталық және бірінші сортты тұқымдары шығарылады. Сондай-ақ шаруашылық Сарыағаштағы экология және эксперимиталиялық биологияға арналған ғылыми зерттеу институтымен бірге жұмыс істейді. Жаңа тұқымның барлығы шаруашылықтың талабына сай икемделіп шығарылады. Ол ерте пісуі керек, талшығы жақсы болуы шарт және зиянкестерге төзімді болуы тиіс. «Түркістан» сорты осы талыптардың барлығына жауап береді» дейді шаруашылық басшысы.

Хабибулла Азимов, шаруашылық басшысы:

- 40 жылдай ЕС-47-27 деген сотрын егіп келдік. 40 жылдың ішінде оның оргиналы қалмады. Сол себепті ол тұқымның өнімділігі 20-22 центнерден аспай қалды. «Түркістан» сорты қазір 40 центнерден орташа беріп жатыр. 45-50 центнер алған жерлер де бар. Біз бұнымен шактеліп қалайын деп тұрғанымыз жоқ. Қолтерімді тоқтатып, John Deere комбайндарын алдық. Енді біз өнімділікті көтеруіміз керек. Қазір жер жүзінде өнімділік 60  центнерге жеткен. Бізде соған әрекететіп жатырмыз.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысында жаздық дақылдар 510 мың гектарға егіледі. Егістікті әртараптандыруға сәйкес, бидай - 175 мың, мақта - 121 мың, көкөніс, бақша дақылдары мен картоп - 125 мың, майлы дақылдар - 100 мың, дәндік жүгері - 46 мың және жемдік дақылдар - 207 мың гектарға отырғызылды. Бидай мен мақтаның көлемі қысқарғанымен, өсімдік, бақша, бұршақты және жемдік дақылдардың көлемі ұлғайды.

Таңатар Жақыпбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

- Былтырғы жылы жалпы өнім 3 млнн тоннаға жетіп, рекордтық көрсеткішке жетсе, биылғы жылы осы геістердің нәтижесінде 3,5 млн тонна өнім аламыз деген жоспар бар.

Биыл аймақта 823 мың гектар алқапға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Бүгінге дейін соның 60 пайызы себіліп болды. Қазір мақсары, мақта, жүгері және көкөніс дақылдарын егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үкімет тарапынан көктемгі дала жұмыстарына 38 мың тонна жанар-жағармай берілді. Жалпы, еліміздің солтүстік өңірлері көктемгі дала жұмыстарын енді бастаса, оңтүстікте алғашқы өнім жиналып үлгерді. Жетісай мен мақтааралдық диқандар қаңтар айында еккен қырыққабатты теріп алып, Ресейге экспортқа жөнелтті. Ал Мақтаралдық шаруалар тамшылатып суғарудың арқасында қырыққабаттың әр гектарынан 400 центнерден өнім алды.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Телеканал Хабар 24