378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ақтөбе облысында егіске арналған жердің жартысына бидай егілді

  • 89
  • UPD: 15:28, 05.05.2019

Ақтөбе облысында егістік алқабы 10 процентке ұлғайды. 805 мың гектар жерге тұқым себілсе, оның жартысы таза бидай.

Өңірде жиі қуаңшылық болатындықтан, суармалы алқаптардың көлемін арттыру жұмыстары жүріп жатыр. Жылдағыдай шаруаларға жеңілдік жасалып, 9 мың тонна жанар-жағар май арзан бағамен бөлінді. Оның литрі 169 теңгеден сатылып жатыр.  Облыстағы 4 ауданда егін салу науқаны сәуірдің жиырмасында басталды. Қалғандары жақында кіріспек. Бұл саланың бір проблемасы - шаруа қожалықтарының көбінде техника ескірген. Жалпы оның 60-70 пайызын жаңарту керек. Соңғы жылдары облыста суармалы алқаптардың көлемі артып келеді. Биыл 32 мың гектар жер егіншілікке берілді. Болашақта ұсақ су қоймаларын көбейтіп, суармалы алқаптарды 100 мың гектарға жеткізу жоспарда бар. 

Асылхан Әбтиев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- 450 мың гектардай дәнді-дақылдар, 260 мың  дақылдар, 50 мың гектар майлы дақылдар және бау-бақша дақылдары барлығы 12 мың гектардай болады. Қазіргі кезде тәжірбиеге сәйкес, Қобда, Темір, Мұғалжар, Ойыл аудандары жұмысқа кірісті. Бүгін міне біз Мәртөк ауданы да бастап жатыр. Енді жалпы жаппай егіс жұмыстары мамыр айының 5-6 сынан бастап, ауру райы қалай жақсы болады, солай кіріседі.

Телеканал Хабар 24