378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


«Хабар» арнасында «Большая неделя» бағдарламасы көрерменге жол тартады

  • 102
  • UPD: 16:02, 05.05.2019

«Хабар» арнасында жаңа жоба. 5 мамырдан бастап, әр жексенбі күні сағат 22:00-де «Большая неделя» бағдарламасы көрерменге жол тартады.

Шағын аңдатпаға назар аударыңыздар.

Такого ещё не было. На «Хабаре» такого не было. Новое телевизионное ток-шоу «Большая неделя». Формат, само собой разумеется, предполагает острую, горячую дискуссию. Горячую настолько, что оппоненты, порой, переходят на личности.

Расында да ақиқат алаңына айналғалы тұр. Құқық қорғау органдары мен білім беру саласындағы реформалар, жемқорлыққа қарсы күрес. Қоғамды мазалайтын осы тектес өзекті тақырыптар сарапшылардың қатысуымен тікелей эфирде талқыланады. Сайлау науқаны да назардан тыс қалмайды. Қызу пікірталастарда түйткілді мәселелерді көтерумен қатар оларды шешу жолдары ұсынылады. Ашық дебатты журналистер Айгүл Әділова мен Ерлан Игісінов жүргізеді.

Ерлан Игісінов, «Большая неделя» бағдарламасының жүргізушісі:

- Тікелей эфир болған соң қызық болады деп ойлаймын. Өйткені бұл ешқандай монтаждалмайтын, қазіргі қоғамда болып жатқан ең өткір, ең қоғамды мазалап отырған мәселелерге арналады. Бағдарламаның тақырыптары өте маңызды. Жемқорлықтан бастап, қазіргі болып жатқан реформаларға байланысты.

Телеканал Хабар 24