379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қызмет барысында қырағылық танытқан Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды

  • 122
  • UPD: 18:53, 06.05.2019
Қызмет барысында қырағылық танытқан Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды

Ұлттық ұланның бас қолбасшылығында да салтанатты шара өтіп, қызмет барысында батылдығын байқатқан азаматтарға "Ерлігі үшін" медалі табысталды.

Олардың арасында елордадағы жатақханалардың бірінен шыққан өрттен тұрғындарды құтқарып қалған 6636 әскери бөлімінің қызметшілері Шыңғыс Қайыржанов, Нұрғазы Ержанов және Аманжол Айтпанов, сондай-ақ отқа оранған үйден ес-түссіз жатқан ер адамды алып шыққан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің жауынгері Ринат Түксімбаев бар. Мерекелік жиынға Ұлы Отан соғысының майдангерлер мен әскери саланың ардагерлері де қатысты. 

Аманжол Айтпанов, «Ерлігі үшін» медалінің иегері:

- Өрт шыққан бойда мен сол жаққа қарай жүгірдім. Барып отқа оранып жатқан балаларды құтқару болды бар ойым. Мен ойлаймын әрбір азаматтың борыныш елге, Отанға қызмет ету. Мен мұны батырлыққа санамаймын.

Телеканал Хабар 24