378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


«Қазмұнайгаз» компаниясы Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ардагерлерге құрмет көрсетті

  • 146
  • UPD: 22:31, 06.05.2019

Сіздер бізге бейбіт күн сыйладыңыздар. «Қазмұнайгаз» компаниясының қызметкерлері 9-мамыр Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ардагерлердің үйіне барып, құрмет көрсетті. Яғни жылдағы дәстүр бойынша қарияларды қуантып сыйлық таратты.

Айта кетейік, кеудесі орденге толы осы майдангерлеріміздің ерлігі һәм еңбегімен жеткен жеңіске биыл 74 жыл.

Сұрапыл соғыста от пен оқтың ортасында жүрген сарбаздарға қандай құрмет көтсетілсе де артық болмас. Сондықтан, «Қазмұнайгаз» компаниясының жастары жыл сайын ардагерлердің үйіне барып, құттықтауды парызы санайды.

Айдархан Бәйкен, Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері:

- Жақсылық істеу керек. Халықққа жақсылық істеу керек. Кем адамдарға, кәрілерге, инвалидтерге көмектесу керек. Өйткені Алла жазса, менің жасым саған беріледі. Сол кезде дәл осылай сендерді сыйлау үшін, мықты тәрбие беруің керек. 

Айдархан Бәйкенұлы соғыс жылдары 4 рет жараланған. Мәскеу түбінде шайқасқан. Жасы 94-ке жетсе де әлі тың. Жеңіс күні қарсаңында ол медальдар тағылған костюмін киіп, жастарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды.  «Қазмұнайгаз» компаниясының  қызметкерлері дәл осылай елордадағы 71 ардагерді құттықтады.

Ерзатхан Абылайханов, «Қазмұнайгаз» АҚ қызметкері:

- Соғыс ардагерлерінің саны күннен-күнге азайып бара жатыр.  Сол кісілерге біздің айтар алсымыз өте көп. Сол себептен де әлдебір өз көмегімізді көрсеткіміз келеді және ол кісілердің біз үшін маңызы зор екенін көрсеткіміз келеді. Әрине мұндай шаралар жыына бір рет өана емес, осыдай мерекеге байланысты ғана емес, бірнеше рет ұйымдастырылып тұрғанын қалаймыз. 

«Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасы аясындағы дәл осындай шаралар еліміздің барлық аймағында өтіп жатыр. Яғни, «ҚазМұнайгаз» ұлттық компаниясы және еншілес компанияларының қызметкерлері әр ардагерге құрмет көрсетеді. 

Авторлары: Аслан Қаженов, Арман Ақшабаев

Телеканал Хабар 24