379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


ШҚО-да Кеңес Одағының Батыры М.Қайырбаевқа ескерткіш орнатылды

  • 167
  • UPD: 21:37, 12.05.2019

Жеңіс мейрамы аяқталғанымен ардагерлер мен майданда ерлік жасаған батырларымызға құрмет көрсету жер-жерде жалғасып жатыр.

Шығыс Қазақстандағы Бесқарағай ауданы Жетіжар ауылында Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевқа ескерткіш орнатылды. Ол небәрі 17 жасында соғысқа өз еркімен сұранып аттанған. Бірнеше мәрте жараланса да батылдық танытып майданнан қайтпаған. Махмет Қайырбаевқа 1944 жылы артиллеристерді қоршаудан алып шығып, жойқын тойтарыс бергені үшін 20 жасында Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Кейін елге оралғаннан кейін де бар ғұмырын туған жерінің дамуына арнаған. Мәрмәр тастан қашалған алып мүсінді батырдың ауылдасы өз қаржысына тұрғызыпты.  

Мұрат Махметұлы, Махмет Қайырбаевтың ұлы:

- Бүгінгі шара - жалпы аға буынға көрсетіліп жатқан үлкен құрмет. Әкемнің құрметіне оның туған жерінде ескерткіш орнатқанына өте қуаныштымын, мақтан тұтамын. Өскелең ұрпақ ел ағаларының еңбектері мен ерліктері туралы кеңірек біліп, үлгі тұтса деймін.

Телеканал Хабар 24