378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Цифрлы технология ауыл шаруашылығы өнімділігін еселеп арттырады

  • 60
  • UPD: 08:33, 17.05.2019
Цифрлы технология ауыл шаруашылығы өнімділігін еселеп арттырады

Цифрлы технология ауылшаруашылығы өнімділігін еселеп арттырады. 

Қостанай облысында оны іс жүзінде дәлелдеп жүрген шаруашылықтар бар. Кәнігі диқан Ибраш Естаев осыдан үш жыл бұрын автоманаттандыру жүйесін енгізе бастады. Қазір оның барлық техникасы жерсеріктік навигациясымен жарақталған. Қойма, қырман, жанар-жағар май құю орындарында  электронды бақылау құралдары орнатылған. Оның  сыртында барлық  егістік алқаптары  цифрландырылған. Осындай жаңа технологиялардың арқасында өндірістік шығынды  20-30 пайызға дейін қысқартыпты.

Ибраш Естаев, шаруа:

- Енді оның пайдасы өте зор. Қалай болғанда да, неше жыл, қай жылы, қандай дәнді-дақылдар себілді, соның бәрін көріп отыруға болады. Мысалы, уландыруды бұрын кейбір жер себіледі, кейбір жер брызгать етеді ғой дәріні. Енді қазір қай поляда, қаншама процент уландыру керек екенін біз оны космостан біліп отырамыз.

Телеканал Хабар 24