389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Арыс халқы орналасқан эвакуациялық бекеттердегі жағдай жіті бақылауда болады

  • 562
  • UPD: 00:35, 27.06.2019

Гуманитарлық жүк тиелген көліктер әлі күнге дейін Шымкент қаласы мен Түркістан облысына келіп жатыр.

Бұл тұрғыда Nur Otan партиясы мүшелерінің еңбегін ерекше атап өткен жөн. Өйткені арыстықтарға көмек жинау орындары дәл осы саяси ұйымның өңірлердегі бөлімшелерінде ұйымдастырылған еді. Ал партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев аймаққа аттанып, жағдаймен танысты.

Арыстағы төтенше жағдайдан кейін жұрт әбден абдырап қалғаны анық. Қазір көпшілігі туған-туыстарын жағалап кеткен. Ал қалғандары мынадай арнайы орындарға жайғастырылды. Эвакуциялық пунктер азық-түлік, су және басқа да керек-жарақтармен толық қамтылған. Ондағы адамдармен кездесу барысында Мәулен Әшімбаев жағдайдың жіті бақылауда болатынын алға тартты.  

Ал жедел штабтағы жұмыс өте қауырт. Бұл жерде барлық құзіретті мекеме мамандары күні-түні қолдан келген көмегін көрсетіп жатыр. Әсіресе Nur Otan партиясының өкілдері оқиға болған сәттен бастап адамдарды көшіруге және орналастыруға білек сыбана кіріскен еді. Орталық аппарат және өңірдегі бөлімшелердің қызметкерлері бір күндік жалақыларын арнайы есепшотқа аударды. Ал, партия жанындағы балалар құқығын қорғау кеңесі аймаққа балалар психололгтарын жіберді.

Мәулен Әшімбаев, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Бүгінгі күні Қазақстанның барлық халқы Арыста болған жағдайға алаңдап отыр. Біраз гуманитарлық көмек жиналып жатыр. Біздің партиямыз барлық облыста гуманитарлық көмектерді жинайтын орталықтар ашты, соған күніне мыңдаған көмек беруге дайын азаматтар хабарласып жатыр. Осы жұмыстар ары қарай да жалғасатын болады. 

«Арыс, біз біргеміз!» акциясына бүкіл ел жұмылып, қолдан келер көмектерін аяп жатқан жоқ. Тіпті еріктілер құрылыс материалдарын жинауға кіріскен. Яғни қаланы қалпына келтіруде де Қазақстан халқы арыстықтармен бірге болмақ. 

Авторлары: Аслан Қаженов, Ерболат Әбіш

Телеканал Хабар 24