421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Биыл елордада қолжетімді баспана көлемі үш есе артты

  • 195
  • UPD: 10:19, 20.08.2020
Биыл елордада қолжетімді баспана көлемі үш есе артты

Елордада қолжетімді баспана көлемі 2020 жылы үш есе артты.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов instagram парақшасында жазды.

«Қазақстандық ипотекалық компаниямен» бірлесе іске асырып жатқан әлеуметтік пәтер алушылар санатын көбейттік. Енді бұл қолжетімді баспанаға дәрігерлер, мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер, мәдениет қайраткерлері мен спортшылар үміткер бола алады. Биыл жалпы алғанда 1 мыңға жуық пәтер беріледі. Іске асыру мәселелері бүгін ҚИК-пен келісілді. Бұдан басқа, кезекте тұрғандар (халықтың әлеуметтік әлсіз топтары), тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін тұрғын үй салу бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Сондай-ақ келесі жылдарға дайындалып жатырмыз. Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй көлемі үш есе артты», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Телеканал Хабар 24