428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қарағандыда 58 600 оқушы кезекші сыныпта білім алады

  • 203
  • UPD: 17:51, 01.09.2020
Қарағандыда 58 600 оқушы кезекші сыныпта білім алады

Қарағанды облысында биыл 58617 оқушы ата-анасының өтініші бойынша кезекші топтарда білім алады.

Қарағанды облысында биыл 58 617 оқушы ата-анасының өтініші бойынша кезекші топтарда білім алады. 17 мыңға жуық оқушы дәстүрлі түрде мектепке келіп оқиды. Тағы 123 мыңнан астам шәкірт қашықтан оқуды ұйғарған. Облыс бойынша оқушылар саны биыл 199 мыңға жеткен. Оның 21500-і мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отыр. Мысалы, Қарағанды қаласындағы №27 жалпы білім беретін мектепте биыл 6 бірдей 1-сынып ашылған. Оның бірі ерекше білім беруді қажет ететін бүлдіршіндерге арналған. Аталған мектепте емдеу-шынықтыру кабинеті, сөйлеуді қалыптастыру, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау және сенсорлық интеграциялық сабақ беру мақсатында бейімделген сыныптар бар.

Салтанат Қасымханова, №27 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры:

- Бірінші және төртінші сыныптар бойынша қазір 337 бала кезекші сыныпта білім алуда. Мектепте 950 бала бар. Қалғаны қашықтан білім алады. Уақыты бірінші сыныпта 30 минутпен шектеледі, ал 2,3,4 сыныптардың бір сабағы 40 минуттан оқиды.

Телеканал Хабар 24