432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Асқар Мамин қазақстандық диқандарды астық жинау науқанының аяқталуымен құттықтады

  • 241
  • UPD: 11:04, 06.10.2020
Асқар Мамин қазақстандық диқандарды астық жинау науқанының аяқталуымен құттықтады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық диқандарды астық жинау жұмысын табысты аяқтауымен құттықтады.

«Құрметті ауыл еңбеккерлері! Сіздерді егін жинау науқанының аяқталуымен құттықтаймын. Пандемия, төтенше жағдай мен карантин кезінде ауыл шаруашылығы техникасы, тұқым мен тыңайтқыштар уақытылы дайындалды. Бұл көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын сапалы жүргізуге мүмкіндік берді. Барлық мамандардың үйлесімді жұмысы 20 млн тоннадан астам сапалы астық жинауға мүмкіндік берді. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың өндірілген көлемі еліміздің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетімізді іске асыруға мүмкіндік береді, бұл ретте жеткізілген астықтың 80%-інің сапалық қасиеттері жоғары. Барлық ауыл шаруашылығы жұмыскерлеріне ауқымды жұмыстары мен ерен еңбектері үшін алғыс білдіремін! Сіздерге мықты денсаулық және игілік тілеймін!», – деп жазды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин

 

Телеканал Хабар 24