427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Жол бойындағы «электрлі бақташылар» бірқатар түйткілді шешеді

  • 171
Жол бойындағы «электрлі бақташылар» бірқатар түйткілді шешеді

Республикалық маңызы бар автожолдардың қауіпсіздігі мен жайылып жүрген малдың жолға шығып кетпеуі үшін арнайы шаралар қолға алынған.

Мәселен, тасжолдардың бойына жануарларды үркітетін ультрадыбыстық құрылғылар мен «электрлі бақташы» қоршаулары орнатылды. 

Бұл жұмыстар ең алдымен Маңғыстау облысында басталған. Онда «ҚазАвтоЖол» ЖШС филиалы арнайы қоршаулар орнатқан. Кернеуі 12 вольт болатын 3000 метрлік «электрлі бақташы» Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай – Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау автожолының 723-726 шақырымындағы учаскесінің бойына қойылған екен.

Елімізде малдың жолға шығып кетуінен болатын көлік апаттары жиілеп кетті. Мысалы, тек биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында жануарларды басу себебінен 16 жол көлік оқиғасы тіркелген. Нәтижесінде 33 адам жарақат алып, екеуі мерт болды. Былтыр осыған сәйкес кезеңде 23 жол көлік апаты орын алған. Онда 29 адам зардап шегіп, жетеуі көз жұмыпты.     

Жол-көлік оқиғаларынының артуына республикалық жолдардың бойындағы торлы қоршаулардың ұрлануы да әсер етуде. Жағдай әсіресе түнгі уақытта қиындай түседі. Қараңғыда түк көрінбей кетеді. Оның үстіне жануарларға жарық шағылыстыратын ленталар тағылмайды. Сол себептен аралап шығу барысында жолшылар ұдайы малды жолдан қауіпсіз қашықтыққа қууға мәжбүр болады. Өзекті бұл мәселені «электрлі бақташылар» шешеді. Заманауи қоршаулар еліміздің өзге өңірлерінде де орнатылатын болады.

Анықтама үшін:
Алғашқы жартыжылдықта аймақтар бойынша малдың қатысуымен болған ЖКО
саны: Алматы облысы - 4, ШҚО - 2, Жамбыл облысы - 3, Қызылорда облысы - 2, Маңғыстау облысы - 3, СҚО - 1, Түркістан облысы – 1.

Телеканал Хабар 24