Оралда құны 7 млн теңге тұратын аялдамалар қойылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Алғашқысы Абай даңғылының бойына орнатылып жатыр. Павильондарға инженерлік желілер тартылады. «Қыста жылы, жазда қоңыр салқын болып тұрады», - дейді мамандар. Әрқайсысының көлемі 24 шаршы метр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау құрылғысы орнатылады. Шаһарда дәл осындай 110 аялдама пайдалануға беріледі.