Қарағанды облысында карантин талаптары жеңілдетілді

Облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, әлеуметтік мекемелер «сары аймақ» режимі бойынша жұмыс істейді.

Атап айтсақ, сауықтыру лагерлеріне бала санын 50 проценттен асырмай қызметін жүргізуге рұқсат берілді. Сондай-ақ театр, кинотеатр, концерттік залдар мен филармониялардың жұмысы жанданады. Мұнда да көрермен санына шектеу бар. Өңірдегі спорт сүйер қауым үшін де жағымды жаңалық: бұдан былай спорттық іс-шараларға баруға тыйым салынбайды. Сонымен қатар жазғы кафелердің жұмысы түнгі 12-ге дейін ұзартылды. Сауда, ойын-сауық орталықтары сенбі-жексенбі күндері де ашық болады. Дегенмен жалпыхалықтық іс-шаралар, отбасылық банкеттер мен тойларды өткізуге рұқсат берілмей отыр.