Путин Қызылорда облысы әкімін марапаттады

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстандағы тұңғыш әйел әкімді Құрмет грамотасымен марапаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану, достықты нығайту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Ресей Федерациясының Президенті атынан Қызылорда облысының әкімі Әбдіхалықова Гүлшара Наушақызы Құрмет грамотасымен марапатталды», – делінген Байқоңыр қаласы әкімшілігінің хабарламасында.

Ресей әкімшілігінің тарапы Гүлшара Әбдіқалықованың марапатталуына байланысты құттықтау жариялап үлгерді.

«Байқоңыр қаласының тұрғындары қамқорлығыңызды үнемі сезінеді, сіздің тікелей араласуыңызбен Байқоңырда көптеген жобалар сәтті жүзеге асырылуда, қала тұрғындары ғарыш саласындағы екіжақты бірлескен жобаларды іске асыру және Байқоңыр қаласын дамытуда бұл жоғары награданы сіздердің еңбектеріңізге берілген баға ретінде қабылдайды», – делінген хабарламада.