Отандық QazVac вакцинасы Қырғызстанда тіркелді

Қазақстандық QazVac вакцинасы Қырғыз Республикасында тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Куәлікті жергілікті Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы дәрілік заттар және медициналық бұйымдар департаменті берді. Әзірге екпені қолдану мерзімі 1 жыл.

Айта кетерлігі, Қырғызстан коронавирустық инфекцияға қарсы отандық вакцинаны тіркеген алғашқы мемлекет болды.