425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда 20 ойын-сауық мекемесі мен мейрамхана жұмысы тоқтатылды

  • 118
  • UPD: 17:05, 24.08.2021
Алматыда 20 ойын-сауық мекемесі мен мейрамхана жұмысы тоқтатылды

Алматыдағы мейрамхана мен дәмханалар карантин режимін бұзуды доғарар емес, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәулікте мониторингтік топ әртүрлі шара өткізбек болған 20 ойын-сауық мекемесі мен мейрамхананың жұмысын тоқтатты. Алматыда патрульдік авто экипаждар ойын-сауық мекемелерінің жанында кезекшілік жасайды. Дегенмен мұндай шара 150-ге жуық нысанда жүзеге асырылады.

Жалпы, қаладағы мониторингтік топ биыл 20 наурыздан бері 2 мыңға жуық карантиндік талапты бұзу фактісін анықтаған. Ал эпидемиологтар коронавирусқа байланысты жағдай Алматыда әлі де күрделі екенін ескертеді.

Телеканал Хабар 24