426,14 492.05 5.99
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда жаңа жол жабындысы сынақтан өткізіледі

  • 78
  • UPD: 17:56, 11.10.2021
Алматыда жаңа жол жабындысы сынақтан өткізіледі

Отандық ғалымдардың өнертабысы өндірістік сынаққа жіберілді. Алматыдағы Төле би көшесінің 100 метр аумағына наноасфальт төселді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа жол жабындысын Қазақстанның «Қазжол» ғылыми зерттеу институтының ғалымдары ойлап тапқан. Наноасфальт бетонның автокөлік жолдарында қолданылатын полимерден ерекшелігі, оның құрамында көмір ұнтағы бар. Үш сатылы технология нәтижесінде тас көмірден нанобөлшектелген ұнтақ алынған. Ғылыми жоба авторларының айтуынша, жаңа жол жабындысы төзімділігімен ерекше. Сонымен қатар бағасы да арзан. Наноасфальт бетонды ұлттық сапа орталығы да зерттемек. Жаңа жол аумағы бір жыл сынақтан өтіп, мониторинг жасалады.

Бағдат Телтаев, «Қазжол» ҒЗИ АҚ президенті:

- Бұл асфальтбетонның жолда пайдалану көрсеткіші кәдімгі асфальтбетонмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Айта кетсек, кейбір көрсеткіштері 44 процент, кейбір көрсеткіштері 2-2,5 есеге дейін жоғары. Мысалы, Төле би даңғылында соңғы жылдары сораптар көп пайда болды. Оны халық та, мамандар да біледі. Ал наноасфальтбетонның сорапқа қарсыласуы 2-2,5 есе артық. Сондықтан біз осы жолаққа наноасфальтбетонды төсеп отырмыз.

Телеканал Хабар 24