Ұлттық қордан 6,6 триллион теңге бөлінеді

2022-24 жылдар аралығында Ұлттық қордан 6,6 триллион теңге бөлінбек. Бұл қаражат есебінен қазақстандықтардың зейнетақысы төленеді. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс депутаттарымен кездесуде осылай деді.

Оның айтуынша, кейін қорды мұнай сатудың арқасында толтыру мүмкін болады. Ведомство мамандары жасаған болжамға сүйенсек, келер жылы 445 миллиард, ал 2024 жылы 1 жарым триллион теңге түседі. Нәтижесінде Ұлттық қордағы ақша көлемі 61,6 миллиард доллардан асуы тиіс. Ал осы кезеңдегі бюджеттік шығындар 47 триллион теңгеден асып кетпек. Оның тең жартысы халықтың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етуге бағытталады. Мәселен, денсаулық сақтау саласына 5,7 триллион, ғылымға 7 триллион болса, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын төлеуге 4,3 триллион теңге қарастырылған.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

– 3 жылдық бюджетте бірінше кезекте әдеттегідей әлеуметтік міндеттерді қаржыландыруға назар аударылды. Шын мәнінде бюджеттің жартысы осы салаға арналды деуге болады. Сонымен бірге еңбекпен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, бизнесті дамыту, ауылды өркендеті, басқа да салаларға тиісті қаражат қаралды. Осының нәтижесінде біз еліміздің және халқымыздың әлеуметтік-экономикалық бағытын одан әрі нығайтуға тағы бір нақты қадам жасадық. Енді басты міндет – осы қаражатты жоспарға сәйкес, өз уақытында тиімді пайдалану.

 

Материалы по тегу