434,46 493.30 5,91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазгидромет ауа райына қатысты ескерту жариялады

  • 129
  • UPD: 20:53, 09.11.2021
Қазгидромет ауа райына қатысты ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

10 қарашада Ақтөбе облысында күндіз облыстың солтүстіктен, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

10 қарашада түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстік-батысында екпіні 25 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: 10 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі.

Күндіз 10 қарашада Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қ.: 10 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күннің соңында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

10 қараша Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.

Орал қ.: 10 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі.

Нұр-Сұлтан қ.: күндіз 10 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

10 қарашада Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші облыстың солтүстік-шығысында, шығысында 15-20 м/с.

Телеканал Хабар 24