378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Өскеменде ұрланған 13 миллион теңге иесіне қайтарылды

  • 227
  • UPD: 18:01, 19.03.2019
Өскеменде ұрланған 13 миллион теңге иесіне қайтарылды yk-news.kz

Өскемен қаласында полиция қызметкерлері облыс орталығы тұрғынына ұрланған ірі көлемдегі ақшасын тауып берді.

Өскемен қалалық полиция басқармасының Үлбі полиция бөліміне 27 жастағы ер адам ірі көлемде ақшасының ұрланғаны туралы мәлімдеген. Түсіндіруінше, шұжық өнімін өткізумен айналысатын ол қызметтік көлігінің ішіне 13 миллион теңгеден астам түскен табысын қалдырып кеткен.

Жедел-тергеу шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдікті адамды анықтады. Ол 21 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты. Ақшаның басым бөлігі  - 12 млн 870 мың теңге жәбірленушіге қайтарылды.

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамауда. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыс белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Тергеу кезінде ұрлық жасаған жігіт бұрын автожууда жұмыс істеп жүріп, автомобиль салонынан 180 мың теңгені ұрлағаны анықталды.

Телеканал Хабар 24