377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Петропавлда лифт шахтасынан өрт шықты

  • 218
  • UPD: 14:10, 20.03.2019
Петропавлда лифт шахтасынан өрт шықты

Петропавлда көпқабатты тұрғын үйде лифт шахтасынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өрт 9 қабатты тұрғын үйден шыққан. Жұмыс істемейтін лифттің шахтасында қоқыс тұтанған. Құтқарушылар жоғарғы қабаттардан 80 адам эвакуациялады. Соның ішінде 16 бала бар. Ешкім зардап шекпеді.

Өрт 4 шаршы метр аумақты қамтыған. Оның неден шыққаны анықталып жатыр.

Телеканал Хабар 24