379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік жол апаты: Автобустар жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан

  • 200
  • UPD: 15:32, 26.03.2019
Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік жол апаты: Автобустар жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан tengrinews.kz

«Астана LRT» елордада үш автобусқа қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің соқтығысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Қала маңы бағдарындағы № 303 автобус №12 бағдардағы жолаушылар көлігімен соқтығысты. Осының екпінімен олар №53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды», - деді «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева.

Осы орайда ол апаттың мән-жайы қазіргі кезде нақтыланып жатқанын атап өтті.

«Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккен адамдар бар. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 53-ші бағдар мен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты. Оқиға бойынша қосымша мәліметті хабарлайтын боламыз», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада автобустар апатынан екі адам көз жұмды.

Телеканал Хабар 24