379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Семейде өрттен екі бала көз жұмды

  • 168
  • UPD: 07:20, 02.04.2019
Семейде өрттен екі бала көз жұмды

Семей іргесіндегі ауылда екі қабатты тұрғын үй өртеніп, екі бала қаза тапты.

1 сәуір күні 14:19-да өрт сөндіру қызметінің пультіне Семейдің іргесінде орналасқан Суықбастау елді мекенінде екі қабатты тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде бірінші қабатта орналасқан пәтердің іші өртеніп жатқанын анықтаған. Тілсіз жау 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіру кезінде жуыну бөлмесінен 2012 және 2015 жылы туған екі баланың мәйіті табылған.

Алдын ала болжам бойынша олар түтінге уланып көз жұмған. Төтенше жағдай қызметкерлері, сондай-ақ көрші тұратын екі тұрғынды құтқарып қалған. 14:56-да өрт ауыздықталып, 15-12-де толықтай сөндірілген. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Телеканал Хабар 24