379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ақтау жағалауында жер опырылып түсті

  • 116
  • UPD: 12:14, 08.04.2019

Ақтауда қатты нөсердің салдарынан жағалаудағы 7 шаршы метр жер опырылып түсті.

Бұл жағалау былтыр күзде ғана абаттандырылып, пайдалануға берілген болатын. Қала әкімдігіндегі құрылыс секторы меңгерушісінің мәлімдеуінше, кеспе тастардың астындағы суағарлар тоқтаусыз жауған жаңбыр суын көтере алмаған. Мамандар 1,5 шақырымға созылған жағалауды түгел тексеріп шықты. Жердің төмен түсіп кетуі әзірге бір жерде байқалған.

Асхат Нұрмұхан, қалалық құрылыс секторының меңгерушісі:

- 2018 жылдың қазан айында Ақтау қаласы жағалауын абаттандыру жұмыстары жасалып, тапсырылған болатын. Жаңбырдың салдарынан осы брюсчатка тастардың астындағы құмның сулануына байланысты брюсчаткалар төмен түсіп кеткен болатын. Аталған ақауларды біздің мердігер компания кепілдік шарттарына байланысты аталған жұмыстарды тезарада 1-2 күн ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Телеканал Хабар 24